Тоқаев Балаеваның орнына жаңа ақпарат министрін тағайындады

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: gov.kz

Арман Қырықбаев Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Арман Қырықбаев 1976 жылғы 20 қазанда Астанада  дүниеге келген. Ол бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитетінің төрағасы, мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары және Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2024 жылғы наурызда Президент Әкімшілігінің коммуникациялар бөлімін басқарды. Ал 2025 жылғы ақпаннан бастап президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі қызметін атқарды.

Айта кетейік, Әлібек Қуантыров Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев тағы алты министрді қайта тағайындады.

Сондай-ақ оқыңыз