Сырым Ізбасаров көшпенділер ойындарының үш дүркін чемпионы атанды
Жарияланды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді. Отандасымыз Сырым Ізбасаров аударыспақтан чемпион атанды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Шешуші финалдық кездесуде Сырым Ізбасаров қырғызстандық қарсыласымен шеберлік байқасып, айқын басымдықпен жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, Сырым Ізбасаров 2016 жылы және 2024 жылы Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да топ жарып, чемпиондық тұғырға көтерілген болатын.
Сонымен қатар 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дарын Өткелбай да аударыспақтан алтын медаль иеленді.
Бұған дейін, Қазақстан аударыспақтан екі алтын мен бір күміс медаль алған еді. Осылайша қазіргі таңда Қазақстан құрамасы аударыспақ бойынша төрт алтынға ие.