Алматы облысында жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дастан Шанай

Алматы облысында жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұған жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«ҚазАвтожол» ақпаратынша, шектеу Көктерек және Ақсай ауылдарының аралығында енгізілмек.

«2026 жылғы 3 қыркүйек сағат 13:00-ден бастап Алматы облысында орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты KZ05-10 «Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченское – «Астана – Алматы» автомобиль жолының 20-шақырымынан (Көктерек ауылы) 51-шақырымына (Ақсай ауылы) дейінгі аралықта жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді», – делінген хабарламада.  

Аталған учаскеде көліктер үшін уақытша айналма жол ұйымдастырылмақ. Айналма бағыт республикалық маңызы бар «Алматы – Қонаев», «Қонаев – Құрты», «Алматы – Шелек – Қорғас» және жергілікті маңызы бар «Байсерке – Әли» автомобиль жолдары арқылы іске асырылады.

Компания мәліметінше, жолды 2026 жылғы 30 қыркүйекте ашу жоспарланған. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Мұның алдында «ҚазАвтоЖол» «Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Ақсай» автомобиль жолының 18–51 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз