Қазақстанда емханаға тіркелу тәртібі қалай өзгереді

Жарияланды
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда 12 қыркүйектен бастап азаматтардың емханаларға тіркелу тәртібі өзгереді. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа ережелерді бекітті, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Енді азаматтар емхананы жылына бір рет қана таңдай алады. Бұған дейін емхананы жылына екі рет ауыстыруға болатын.

Жүкті әйелдер, босанған әйелдер және 0-17 жас аралығындағы балалар емханаға нақты тұратын жері бойынша тіркеледі.

Студенттер мен курсанттар емхананы өздері таңдай алады. Алайда медициналық ұйым олардың тұратын немесе оқитын жеріне жақын, жаяу баруға ыңғайлы болуы керек.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бұйрығына сәйкес, мерзімді әскери қызметтегі сарбаздарға да жеке тәртіп белгіленді. Оларды тіркеу және әскери қызмет аяқталғаннан кейін қайта тіркеу бойынша арнайы рәсімдер қарастырылған.

Осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі шетелдік клиникаларда емделуді жоспарлап жүрген азаматтарға шетелдік сенімді клиникалардың тізімін ұсынған.

Сондай-ақ оқыңыз