Мұнай бағасы барреліне 97 доллардан асты

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Мұнай бағасы 100 долларға жақындады / фото: BBC

Әлемдік нарықта мұнай төртінші күн қатарынан қымбаттап, кейінгі алты аптадағы ең жоғары деңгейге жетті. Brent маркалы мұнайдың бағасы 1,8%-ға өсіп, барреліне 97,39 доллар болды, ал WTI 2,1%-ға қымбаттап, 92,92 долларға жетті.

Brent мұнай бағасы онлайн

Brent Crude Oil, USD/баррель. Дерек TradingView арқылы жаңарып тұрады.

Мұнай неге қымбаттады?

Бағаның көтерілуіне Таяу Шығыстағы жағдайдың қайта шиеленісуі себеп болды. АҚШ Иран аумағына соққы жасағаннан кейін Израиль де шабуыл болған жағдайда Иранның инфрақұрылымына жауап беретінін мәлімдеді.

Нарықтағы басты қауіп — Парсы шығанағынан мұнай тасымалданатын Ормуз бұғазының жұмысы. Соңғы күндері бұғаз арқылы өткен кемелер саны қалыпты деңгейден едәуір азайып, мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылықты күшейтті.

Бұған дейін, 1 қыркүйекте Brent бір күнде 4,16 долларға немесе 4,6%-ға қымбаттап, 94,65 доллар болған еді. Осылайша, мұнай бағасы қыркүйектің алғашқы үш күнінде бірнеше долларға өсті.

Сондай-ақ оқыңыз