Алматы облысының әкімі ауысуы мүмкін

Алматы облысында әкім ауысуы мүмкін. Ертең, 4 қыркүйекте мәслихат депутаттары өңір әкімін тағайындау мәселесін қарайды деп хабарлайды Kursiv.Media
Жиынға облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары қатысады.
Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, президент өңір әкімі қызметіне кемінде екі кандидат ұсынады. Кандидаттар алдағы жұмысының бағдарламасын таныстырып, кейін депутаттар дауыс береді. Облыс әкімін президент мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындайды.
Жиын 4 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қонаев қаласындағы қалалық мәдениет үйінде (Жамбыл көшесі, 13/1) өтеді. Депутаттарды тіркеу сағат 09:00-де басталады.
Айта кетейік, Алматы облысын 2022 жылғы маусымнан бері Марат Сұлтанғазиев басқарып келеді. Ол бұл қызметте Қанат Бозымбаевты алмастырған. Сұлтанғазиев әкім болып тағайындалғанға дейін Қаржы министрінің бірінші вице-министрі қызметін атқарған.