7 алтын: Қазақстандық қол күрес шеберлері 12 медаль алды

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
Көшпенділер ойыны
Көшпенділер ойындарында қазақстандық қол күресшілер 12 медаль алды / фото: KursivMedia, Айгерім Таубай

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қол күрес шеберлері 7 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль иеленді, деп хабарлайды Kursiv.Sport.

Жарыста ел намысын алты спортшы қорғап, өз салмақ дәрежелерінде жүлдеге ие болды.

Ұлжан Оралбай 65 келіге дейінгі салмақта сол және оң қолмен күрестен екі күміс медаль алды.

Малена Сыдықжан 65 келіден жоғары салмақта екі алтын медаль жеңіп алды.

Бахит Ақжигитов 70 келіге дейінгі салмақта сол қолмен күрестен күміс, оң қолмен күрестен қола жүлдеге ие болды.

Данил Устинов 80 келіге дейінгі салмақта сол қолмен күрестен алтын, оң қолмен күрестен күміс медаль жеңіп алды.

Нұрдәулет Айдархан 90 келіге дейінгі салмақта сол және оң қолмен күрестен екі алтын медаль иеленді.

Медет Құттымұратов 90 келіден жоғары салмақта сол және оң қолмен күрестен екі алтын медаль жеңіп алды.

Осылайша, Қазақстанның қол күрес шеберлері Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпы 12 медаль еншіледі: 7 алтын, 4 күміс және 1 қола.

Бұған дейін Қазақстан құсбегіліктен төрт медаль еншілеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз