«ҚазМұнайГаз» қытай нарығынан 3,5 млрд юань қарыз тартты

Жарияланды
Фото: Серикжан Ковланбаев, бильд-редактор: Дастан Шанай

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Гонконг қор биржасында жалпы көлемі 3,5 млрд қытай юанін құрайтын облигациялар орналастырған. Теңгеге шаққанда тартылған қарыз көлемі  237,3 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Мәміле компанияның 10 миллиард юаньға дейінгі орта мерзімді облигациялар шығару бағдарламасы (Medium Term Note Programme) аясында жүзеге асырылған.  

Облигациялар 2026 жылғы 2 қыркүйекте орналастырылған. Оның ішінде 1,5 млрд юань көлеміндегі бес жылдық облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылдық 2,3%, ал кірістілігі 2,45% болды. Сонымен қатар 2 млрд юань көлеміндегі он жылдық облигациялар бар. Бұл облигациялардың купондық мөлшерлемесі жылдық 2,8%, ал кірістілігі 2,98% деңгейінде белгіленді.

Облигациялар шығарылымына Moody’s халықаралық рейтинг агенттігі Baa1 кредиттік рейтингін берді. Бұл «ҚазМұнайГаздың» қазіргі эмитенттік рейтингімен бірдей.

Сондай-ақ оқыңыз