ШҚО-да 70-ке таяған әжей алғаш рет жеке куәлік алды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында 69 жастағы Татьяна Ригер өмірінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алды.  

Polisia.kz хабарлауынша, ол ұзақ уақыт бойы қазіргі үлгідегі жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген. Бұған дейін әйел 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын пайдаланған. Алайда кейіннен оны жоғалтып алған.

«Өмірлік жағдайларға байланысты Татьяна Владимировна ұзақ уақыт бойы құжаттарын қайта рәсімдеуге мүмкіндік таппаған. Жуырда ол Риддер қаласының көші-қон қызметіне жүгінді. Қызметкерлер оған қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, құзырлы мемлекеттік органдарға сұрау салулар жолдады», – делінген ақпаратта.  

Тамыз айының соңында Татьяна Владимировна Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін алғаш рет алды. Енді ол өз құқықтарын толыққанды пайдаланып, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерді еш кедергісіз ала алады.

Әжей көші-қон қызметінің мамандарына көрсеткен жанашырлығы, қолдауы және маңызды мәселені шешуге көмектескені үшін алғысын білдірді.

Мұндай жағдай Өзбекстанда да болды. Елдің Әділет министрлігі 93 жастағы әжеге алғаш рет туу туралы куәлік рәсімдеген еді.

Сондай-ақ оқыңыз