ШҚО-да есірткіні арықтататын БАД ретінде сатып келген

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің редакторы
Наркотики под видом БАДов продавали на Wildberries в ВКО
фото: shutterstock

Шығыс Қазақстан облысында дәрі деген таңбамен есірткі сатқан. Бұл туралы облыс прократурасына сілтеген Kursiv Media хабарлайды.

Өскеменде Wildberries маркетплейсінде есірткі арықтауға арналған кәдімгі биологиялық белсенді қоспалар (БАД) ретінде сатылып келген. Ал Зайсан ауданында медициналық ұйым қызметкерлері пациенттерге есірткі және қатаң рецептімен берілетін дәрілерді заңсыз сатқан. Қазір осы деректер бойынша тергеу басталды.

Прокуратура мәліметінше, 2025–2026 жылдары өңірде прекурсорлардың заңсыз айналымына қатысты 3 қылмыстық іс қозғалып, 21 әкімшілік хаттама толтырылған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 4 млн теңгеден асқан.

Прокуратура дәрі-дәрмекті бақылаусыз қабылдау мен өз бетінше емделу денсаулыққа қауіп төндіретінін ескертті. Медицина қызметкерлеріне дәрілерді босату тәртібін қатаң сақтау, ал азаматтарға дәрігердің тағайындауынсыз дәрі сатып алмау ұсынылды.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда есірткі сатумен айналысқан әке мен қызы сотталды

Сондай-ақ оқыңыз