Алматыда танысудан бас тартқан қыздың үстіне су шашқан ер адам ұсталды
Жарияланды

Алматыда ер адам қоғамдық орында бір қызбен танысуға тырысқан. Ал қыз танысудан бас тартқан кезде оның үстіне су шашып жіберген, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Оқиғадан кейін жәбірленуші қыз көмек сұрап полицияға жүгінген.
Құқық қорғау органдары ер адамның жеке басын анықтады. Ол ұсталып, жиналған материалдар сотқа жолданды.
«Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс сотқа жолданды. Істі қарау қорытындысы бойынша сот ер адамды кінәлі деп танып, әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды», – деп хабарлады полициядан.
Істі қарау қорытындысы бойынша сот ер адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.