Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді тарихи рекордпен құттықтады

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Тоқаев Италия премьер-министрі Джорджа Мелониді тарихи рекордпен құттықтады / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелониді оның үкіметі орнатқан тарихи рекордпен құттықтады, деп хабарлайды Кursiv.Media.

«Премьер-министр Джорджа Мелониді оның үкіметі Италия Республикасы тарихындағы ең ұзақ мерзім жұмыс істеген үкімет атануымен шын жүректен құттықтаймын. Оның сындарлы әрі батыл басшылығы, Италияның ұлттық мүддесі мен абыройын қорғауға деген айнымас адалдығы елдің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етіп, халықаралық аренадағы позициясын нығайтты. Мен оның Қазақстан мен Италия арасындағы достық пен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге қосқан жеке үлесін жоғары бағалаймын және тығыз ынтымақтастығымызды одан әрі жалғастыруды асыға күтемін», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісінде.

Президент Италия премьер-министріне жауапты қызметінде сәттілік, сондай-ақ, елдің гүлденуі мен дамуы жолында жаңа табыстар тіледі.

4 қыркүйекте Джорджа Мелони басқаратын Италия Министрлер кабинеті үздіксіз жұмыс істеп тұрғанына 1413 күн толып, ұзақтығы жағынан Сильвио Берлусконидің екінші үкіметін басып озды. Осылайша, бұл үкімет ел тарихындағы ең уақыт бойы билікте тұрған кабинет атанды. Қазіргі парламенттің өкілеттік мерзімі 2027 жылы аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз