Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1287 адамға жетті

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Непалдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1287 адамға жетті / Фото: Shutterstock

Непалдағы жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 1287 адамға жетті, деп хабарлайды Кursiv.Media.

The Kathmandu Post ақпаратына сүйенсек, табиғи апаттан 5,3 мыңнан астам адам жарақат алып, 13 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Ресми мәліметтер бойынша, 5 мыңға жуық адам (оның ішінде 583 шетелдік) жоғалғандар тізімінде тұр. Алайда бұл тізімге әлі аты-жөні анықталмаған мәйіттер де енгізілген.

Құтқару және қалпына келтіру жұмыстарына 21 мыңнан астам әскери мен полиция қызметкері жұмылдырылды.

Апат салдарынан инфрақұрылым ауыр зардап шекті:

  • 7 500-ден астам тұрғын үй, 18 мектеп пен 7 медициналық мекеме қираған;
  • 55 шақырым жол, 33 автокөлік көпірі мен 68 аспалы көпір бұзылған.

Қазіргі уақытта зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жеткізіліп, байланыс желілері қалпына келтірілуде. Билік өңірлерге шұғыл қаржылай көмек бөлді.

Сондай-ақ оқыңыз