Қазақстаннан 32 мемлекетке тікелей әуе рейсі қатынайды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
самолет ии
Қанша елге тікелей әуе рейсі бар / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Қазіргі кезде Қазақстаннан 32 мемлекетке тікелей әуе рейсі қатынайды. Халықаралық әуе қатынасының бағыт қатары 161-ге жеткен, деп хабарлайды, Kursiv.Media.

Ал авиациялық қауіпсіздік саласындағы ICAO стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ға жетті.

Оған қоса әуежайларды жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. 2026 жылдың соңына дейін Зайсан және Қатонқарағай аудандарында, сондай-ақ Кендірлі курорттық аймағында жаңа әуежайдың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Қостанай облысында Арқалық әуежайының жөндеу жұмыстары аяқталып, алғашқы жолаушыларын қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз