Биыл жеке кәсіпкерлердің саудасы 4,2 трлн теңгеге жетті

2025 жылы Қазақстандағы жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде базардағы саудагерлердің бөлшек сауда айналымы 10,3 трлн теңгеге жетті. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Соған қарамастан, жеке кәсіпкерлердің жалпы бөлшек саудадағы үлесі 2025 жылы 37,3%-ға төмендеген. Шығыс Қазақстан облысында ең жоғары үлес 74,5% болса, Абай облысында 68,9%, Қызылорда облысында 63,9% болды. Ең төмен көрсеткіш Ақтөбе облысында – 21,9%, Алматыда – 26%.
Finprom.kz мәліметінше, 2015–2025 жылдары жеке кәсіпкерлерге тиесілі бөлшек сауда нысандарының саны 106,5 мыңнан 123,2 мыңға өсті. Сауда алаңы да 8,2 млн-нан 9,4 млн шаршы метрге дейін ұлғайды.
2026 жылы сауда және автокөлік жөндеу саласындағы жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны 5,7%-ға азайып, 614,7 мыңды құрады. Бұған жаңа арнайы салық режиміне көшу әсер етті.
Алайда жеке кәсіпкерлердің сауда көлемі өсіп отыр. 2026 жылдың қаңтар–шілдесінде олардың бөлшек сауда айналымы 4,2 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 15,2%-ға артты. Жалпы бөлшек саудадағы үлесі де 29,3%-дан 29,5%-ға өсті.
2026 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 71,8 млрд АҚШ долларына жетті.