Баян Алагөзова: «Діни адам емеспін, тәңіршілмін»

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Аман Тасыған арнасынан скрин

Белгілі продюссер Баян Алагөзова журналист Аман Тасығанға сұхбат берді. Екі сағатқа жуық созылған әңгімеде Алагөзова мансабы мен өміріндегі көзқарастары, тредстегі шулы жазбалар туралы да айтты деп хабарлайды Kursiv Media.

Бұған дейін әлеуметтік желіде ол дін мен оның пропагандасынан шаршағанын айтып, көпшілік арасында қызу пікірталас тудырған. Тозақ пен жұмақтың барына сенбейтінін айтқан Алагөзова Аман Тасығанмен сұхбатында діни көзқарасын түсіндіріп берді. Айтуынша, ол тәңіршілдікті ұстанады.

«Тәңіршілдік – ол дін емес, ол философия. Адамдармен, табиғатпен, ғаламмен бейбіт өмір сүру деген философия. Біз тұтас ғаламшарда тұрамыз. Мен құдайдың бір бөлігімін, құдай менің ішімде. Мен құл емеспін, еркін адаммын. Осы жағынан маған өте жақын. Діни адам емеспін, бірақ құдайдың бар екеніне сенемін. Дін маған жақын емес, бірақ осы ғаламшардың бір бөлігі екеніне сенемін», – дейді ол.

Сөзінше, тағдырдың жазуы да, адамның еңбегі де қатар жүруі керек.

«Мен мына жұлдыздың астында туғанмын деп аяқты көтеріп жата беруден ештеңе шықпайды. Адам еңбек етуі керек, жұмыс істеуі керек. Ол тырыспаса, ешнәрсе болмайды. Құдай тәуекелге баратындарды жақсы көреді ғой», – дейді продюссер.

Сұхбатта Алагөзова жолдасы Тұрсын Алагөзовтың бірінші әйелімен араласуға да қарсы емес екенін айтып таңғалдырған.

Сондай-ақ оқыңыз