Щучинскіде болған жарылысқа қатысты сот үкімі шықты, облыс әкіміне жеке қаулы берілді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
«Взрыв в «Центре плова»: суд вынес частное постановление акиму Ахмеджанову после трагедии
Марат Ахметжанов / фото: gov.kz

Биыл қыста Щучинскідегі дәмханада болған жарылысқа қатысты істің нүктесі қойылды. Бурабай аудандық соты үш адамды кінәлі деп тапты. Сондай-ақ облыс әкіміне қатысты жеке қаулы шығарды деп хабарлайды Kursiv Media.

Судья «Центр плова» кафесінде болған жарылысқа қатысты іс бойынша өңір басшысы Марат Ахметжановтың атына жеке қаулы шығарды. Сот мәліметінше, мемлекеттік органдар қоғамдық тамақтану орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша қажетті алдын алу жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбеген және өзара дұрыс үйлеспеген. Қаулы қайғылы жағдайға әкелген себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау үшін облыс әкіміне жолданды.

Үш адам айыпты деп танылды

Іс бойынша жауапқа тартылғандар адамдардың абайсызда жаппай қаза болуына әкеп соққан қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.

Дәмхана иесі М. 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қоғамдық тамақтану орнына газ баллондарын заңсыз кіргізіп, оларды жылыту батареяларына тым жақын орналастырған және қызметкерлерге нұсқама жүргізбеген.

Автомобильге газ құю бекетінің директоры С.  7 жылға сотталды. Оның станциясында тұрмыстық газ баллондары қажетті жабдықтар, бақылау құралдары мен құжаттарсыз толтырылған.

Газ жеткізуші Д. 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Лицензиясы мен тиісті рұқсаты болмаса да, 2026 жылғы 25 ақпанда дәмханаға рұқсат етілген мөлшерден артық газ толтырылған баллон жеткізген.

16 жәбірленушінің моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап-арыздары сот тарапынан ішінара қанағаттандырылды.

Еске салайық, 26 ақпанда Щучинскідегі «Центр плова Loft» дәмханасында газ баллоны жарылды. Жарылыстан өрт шығып, 26 адам зардап шекті. Соңғы деректер бойынша, өрттен 12 адам қаза тапты

Қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалып, 16 маусымда аяқталды. Іс бойынша бірнеше адам қамауға алынды

Сондай-ақ оқыңыз