
Қазақстанның негізгі экспорттық мұнай қоспасы CPC Blend барреліне 103,72 долларға дейін қымбаттады. Бір ай бұрын оның бағасы 83-84 доллар шамасында еді. Осылайша бір айдың ішінде қазақстандық мұнай шамамен 24% қымбаттаған деп жазады Kursiv.Media.
Мұнай бір айда 20 доллардан астам қымбаттады
CPC Blend бағасы $100-дан асты
Қазақстанның экспорттық мұнай қоспасы, $/баррель
10 тамызда CPC Blend баррелінің бағасы 83,61 доллар болған. Тамыздың соңында мұнай күрт қымбаттап, 31 тамызда 100,74 долларға жетті.
Қыркүйекте де баға 100 доллардан жоғары сақталды: 1 қыркүйекте – 99, 2 қыркүйекте – 102,44, 4 қыркүйекте – 102 доллар болды. Соңғы көрсеткіш бойынша CPC Blend 103,72 доллар тұрады. Ал алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда баға 1,72 долларға немесе 1,69% өскен.
Мұнай неге қымбаттап жатыр?
Мұнай нарығындағы негізгі факторлардың бірі – Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай мен мұнай жеткізіліміне қатысты қауіп. Иран төңірегіндегі шиеленіс және Ормұз бұғазы арқылы тасымалдың бұзылу қаупі физикалық мұнай нарығындағы ұсынысқа қысым түсіріп отыр.
Сонымен бірге OPEC+ 6 қыркүйектегі отырысында қазан айына арналған өндіріс саясатын өзгертпеді. Нарықта қосымша мұнай көлемінің тез пайда болмайтыны да бағаны қолдап отыр.