ҚТЖ жаңа басшысы дау болған Stadler вагондарын қабылдап алды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Business News бөлімінің жетекші журналисі
фото: rail-news.kz, бильд-редактор: Дастан Шанай

Швейцариялық Stadler компаниясының Астанадағы зауытында шығарылған жолаушылар вагондарын «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясы қабылдап алды. Вагондар биыл тамыз айында тапсырыс берушінің қабылдауынан өтті деп хабарлайды Kursiv Media Stadler Kazakhstan-ға сілтеме жасап.

Компания мәліметінше, Астанадағы зауытта шығарылған жолаушылар вагондарының алғашқы партиясы тамыз айының басында қабылданған.

«Астанадағы «Штадлер Қазақстан» ЖШС зауытында швейцариялық Stadler концернінің технологиясымен шығарылған алғашқы CHARME жолаушылар вагондары 2026 жылғы тамыз айының басында тапсырыс беруші тарапынан қабылданды», – деп жазылған компанияның «Курсив» сауалына берген жауабында.

2025 жылдың соңында жолаушылар вагондарының барлық түрі Кеден одағының 001/2011 «Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент талаптарына сәйкестік сертификатын алды.

Stadler Kazakhstan-ның мәліметінше, 2026 жылы Астанада 100-ден астам жолаушылар вагонын шығару жоспарланған.

«Бекітілген жеткізу кестесіне сәйкес, 2026 жылы «Штадлер Қазақстан» ЖШС 100-ден астам жолаушылар вагонын шығарады», – деп хабарлады компания.

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов Stadler компаниясы вагондарының кешігіп жатқанын еске салып, оларды жеткізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз