Мектепке боянып келуге бола ма: министр Сүлейменова ойын айтты

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото ЖИ арқылы жасалған

Оқушылардың мектепке боянып келуіне рұқсат бар ма? Бүгін үкімет отырысында журналистер оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға осындай сұрақ қойды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Министрдің сөзінше, мектеп бекіткен қағида бар және оқушылар сол қағидаға бағынуы керек.

«Негізі барлық мектеп оқушысы мектеп формасымен келуі заңның талабы. Әрбір мектептің ішкі тәртіп ережесі бар. Әр мектеп сол ішкі тәртіп ережесіне сәйкес балалардың сыртқы келбетін регламенттеуді биыл бастаған екен. Біз шын айтсақ балалардың сырт келбеті оқу процесіне кедергі келтірмеуі қажет деп санаймыз. Балаларды кемсітуге, дискриминацияға жол берілмеуі керек. Барлығында ортақ мектеп формасы, ұқып пен әдептілікті көрсететін сыртқы бейне болуы қажет деп санаймыз», – деді Сүлейменова.

Жаңа оқу жылының қарсаңында қыз баланың мектепке боянып баруы қоғамда қызу талқыланған тақырыптың бірі болған еді. Сол кезде Сүлейменова орынбасары Шынар Ақпарова министрлік бұйрығында бояну туралы нақты талап жоқ екенін, ол шешімді әр мектеп өзі қабылдайтынын айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз