Қытайда да сел жүріп, алты адам қаза тапты

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында сел жүріп, салдарынан алты адам қаза тауып, тоғызы хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, сенбі күні Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясының Суйчуань уезінде болған бірқатар сел тасқыны мен көшкін салдарынан алты адамның қаза тапқаны расталды, тағы тоғыз адам хабар-ошарсыз жоғалды деп іздестіріліп жатыр.
Бірнеше күнге созылған нөсер жаңбырдың салдарынан жоғарыда аталған уездің басқа аудандарында да бірнеше көшкін мен сел жүріп, Цзоань және Танху кенттерінде бір адамның қаза тапқаны расталды, тағы екі адам хабарсыз кетті.
Қазіргі уақытта іздеу-құтқару операциялары, сондай-ақ жолдарды нығайту және қайталама апаттардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Қытай мен Непал шекарасындағы Гьиронг өткізу пункті маңында болған сел салдарынан кемінде 43 адам қаза тауып, 519 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Сонымен бірге 26 тамызда Непал мен Тибет шекарасында Непалдағы биік таулы мұздықтың бір бөлігі ойылып түскен. Түскен масса өзімен бірге тастар мен топырақты сүйреп, жойқын ағын түзеген. Салдарынан 1300-ден астам қаза тауып, шамамен 5000 адам хабар-ошарсыз кетті.