Astana Motors нарыққа жаңа Changan UNI-S кроссоверін шығарады

Astana Motors компаниясы Changan брендімен бірлесіп, жаңа Changan UNI-S ықшам кроссоверін ұсынады, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қытайда UNI-S брендтің Қазақстандағы танымал моделі CS55 plus моделінің жаңартылған нұсқасы ретінде сатылады. Ол сұр нарық арқылы Қазақстанға да жетіп үлгерген.
Changan UNI-S 1,5 литрлік бензинді турбо қозғалтқышпен жабдықталған. Күштік қондырғы 181 аттың күшін өндіреді. Қозғалтқыш ылғалды типтегі 7 сатылы робот беріліс қорабымен (7DCT) жұмыс істейді.
Модельдің екі түрлі нұсқасы ұсынылады: Алдыңғы жетекті (2WD): 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа дейін 8,3 секундта жетеді, дөңгелек базасы – 2656 мм.
Толық жетекті (4WD): 100 км/сағ жылдамдыққа 9,5 секундта жетеді, дөңгелек базасы – 2650 мм.
Автокөліктің жалпы габариттік өлшемдері: ұзындығы – 4550 мм, ені – 1868 мм, ал биіктігі – 1680 мм. Кез келген жол жағдайына бейімделу үшін кроссоверде Eco, Normal, Sport, сондай-ақ Snow, Mud және Sand сияқты арнайы қозғалыс режимдері қарастырылған.
Заманауи әрі динамикалы дизайн
Кроссовердің сыртқы келбеті заманауи трендтерге сай жобаланған. Шанақ бес түрлі түсте ұсынылады: ақ, қою қара, сұр, атомды сұр және інжу-сұр.
модельдің экстерьерлік ерекшеліктері: Электр жетегімен ашылатын панорамалы шатыр, артқы спойлер мен газ шығару жүйесінің қосарланған түтіктері, рейлингтер және жақтаусыз әйнек тазалағыштар, шанақ түсіне сай жасалған есік тұтқалары.
Салон жайлылығы мен мультимедиа
Салонды әрлеуде жоғары сапалы эко былғары мен жұмсақ қаптамалар кеңінен қолданылған. Жүргізуші мен жолаушылардың жайлылығы үшін көп түсті атмосфералы жарықтандыру, жылыту функциясы бар рөл, сақтау бөлімі бар алдыңғы шынтақтаяныш және 12 В розетка орнатылған. Жүксалғыш пердешемен жабдықталған әрі оны кілт арқылы қашықтан ашуға болады.
Цифрлық мүмкіндіктері мен мультимедиа
- 14,6 дюймдік мультимедиа жүйесінің экраны;
- 10,25 дюймдік цифрлық аспаптар панелі;
- 8 динамигі бар сапалы аудиожүйе;
- Apple CarPlay, Android Auto қолдауы және дауыспен басқару;
- Интерфейстің толық қазақ тіліндегі нұсқасы.
Интеллектуалды қауіпсіздік жүйелері
Changan UNI-S жүргізушіге көмектесетін және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи электронды ассистенттер кешенімен жабдықталған.
Кешен құрамына интеллектуалды адаптивті круиз-бақылау (IACC), алдыңғы соқтығысу қаупі туралы ескерту (FCW), жаяу жүргіншілерді анықтайтын автоматты шұғыл тежеу (AEB), жолақтан шығуды ескерту (LDW), жолақта ұстау (LCS) және кептеліс кезіндегі қозғалыс ассистенті (TJA) кіреді. Сонымен қатар, көлікті қоюды және тар кеңістікте қозғалуды жеңілдететін 360° шолу камералары жүйесі қарастырылған.