Елде көмір қымбаттады: сарапшылар қысқы отынды ертерек сатып алуға шақырады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
сарапшылар қысқы отынды ертерек сатып алуға шақырады
Сарапшылар қысқы отынды ертерек сатып алуға шақырады / фото: shutterstock

Қазақстанда соңғы бір жылда көмір бағасы орта есеппен 8%-ға қымбаттады. Бірақ елде отынға деген тапшылық қатты байқалмады. Дегенмен әкімдіктер мен сарапшылар күзде көмірге деген кезек қатты дүрбелең туғызбауы үшін көмірді қазірден бастап сатып алуға шақырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, күз мезгілінде көмір тасымалдайтын теміржол жолдары мен көмір базаларында ұзын-сонар кезек пайда болуы ықтимал. Мұндай жағдай соңғы жылдары қыркүйек-қазан айларында тұрақты түрде қайталанып келеді.

Энергетика министрлігі көмірдің уақытылы жеткізілуін бақылау үшін арнайы жаңа жүйе іске қосты. Платформа көмірді қайдан, қанша көлемде шығарып жатқанын, вагондардың жеткілікті екенін және көмір базаларындағы кезектерді бір жерге жинақтайды. Соның арқасында министрлік көмір жолда қалып қоймай, халыққа дер кезінде жетуін компьютер арқылы онлайн режимінде қадағалап отырады.

Көмір бағасының динамикасы

Бөлшек саудадағы баға динамикасы қалыпты шеңберден шықпаған. Қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша бағаның өсімі 2025 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 7,9%-ды құрады.

Өңірлер арасындағы баға айырмашылығы өте жоғары. Мысалы, 2025 жылы көмір Ақтөбе (23,2%), Абай (14,4%) және Жамбыл (13,4%) облыстарында айтарлықтай қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының маусымдық деректеріне сәйкес, сәуір айында көмірдің орташа құны 19,2 мың теңгені құраған. Ең арзан көмір кезекті рет Қарағандыда (16,9 мың теңге), тіркелді, ал ең қымбаты Түркістанда (23,1 мың теңге) сатылды.

Жалпы 2024-2026 жылдар аралығында ең жоғары бағалар өткен жылдың күзінде байқалып (19,8 мың теңге), кейін баға көрсеткіші 19 мың теңгеден төмен түскен жоқ.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, соңғы жылдары көтерме бағалардың өсуі әртүрлі компанияларда әрқалай болды. Мәселен, «Богатырь Көмір» мен «Sherubai Komir» сияқты кәсіпорындарда коммуналдық көмірдің құны айтарлықтай өскен.

Сондай-ақ оқыңыз