Бір айда 12% өсті: Қазақстанның алтын-валюта қоры 67 млрд долларға жетіп қалды

Қазақстанның алтын-валюта қоры тамыз айында 12 пайызға өсіп, 68,6 млрд долларға жетті, деп хабалайды Kursiv.Media.
Ұлттық банктің ресми дерегіне сәйкес, бір айда елдің алтын-валюта қоры 61,3 млрд доллардан 68,6 млрд долларға жеткен. Жыл басынан бергі сегіз айда 8,6 млрд долларға өскен. Соның ішінде 14,8 млрд доллары еркін айналымдағы валюта болса, қалғаны – таза алтын.
Ал Ұлттық қор активтері қазір 68,2 млрд долларды құрайды. Бір айда қор активтері 66,1 млрд доллардан 68,2 млрд долларға жеткен. Ал жыл басынан бері 6,8 млрд долларға көбейді.
Ұлттық қор активтерін қоса алғанда, Қазақстанның халықаралық валюта қоры 136,8 млрд долларға жеткен.
Қазақстанның қаржы қауіпсіздігінің кепілі саналатын халықаралық резерв наурыз айында айтарлықтай өзгеріске ұшырағаны белгілі Бір ай ішінде елдің стратегиялық қоры 73,4 млрд доллардан 67,2 млрд долларға дейін, яғни 8,44%-ға қысқарған.
Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар департаменті Kursiv.Media ресми сауалына берген жауабында бұл құбылысты алтын-валюта резервтерінің (АВР) қайта бағалануымен түсіндірді.