Көшпенділер ойындарында жарақат алған көкпаршыға ауылдастары ат мінгізді

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
фото: Kursiv.Media

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Құрманбек Тұрғанбекке туған жерінде ерекше құрмет көрсетілді. Жамбыл облысы, Сарысу ауданына қарасты Тоғызтарау ауылының мәрт азаматтары намысты қолдан бермеген ұлына сәйгүлік мінгізіп, иығына шапан жапты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Финалдағы ерлік пен намыс тартысы

Қырғызстан құрамасына қарсы өткен көкпардың тартысты әрі ауыр финалында Құрманбек Тұрғанбек аттан құлап, аттың тұяғы басына тиіп, ауыр жарақат алды. Алайда құрама капитаны әрі команда көшбасшысы ретінде алаңнан кетуді намыс көріп, ауырып тұрғанына қарамастан ойынды соңына дейін жалғастырды.

Оның бұл жанкештілігіне бүкіл ел сүйісінді.

«Ауылдастардың ақ пейілі»

Тоғызтарау ауылының көңілі дархан, пейілі кең тұрғындары ел намысын қорғап, абыроймен оралған спортшыны салтанатты түрде қарсы алды. Ауыл ақсақалдары мен азаматтары Құрманбекке ақ батасын беріп, ұлттық дәстүр бойынша иығына шапан жауып, астына сәйгүлік ат мінгізді.

Еске сала кетейік, Ыстықкөлдің жағасында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеңіске жетті.

Сондай-ақ оқыңыз