Алматыдағы тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар үш баланы құтқарды
Жарияланды

Алматыдағы 12 қабатты тұрғын үйдің бірінен өрт шықты. Құтқарушылар үш баланы аман алып қалды. Kursiv Media бұл туралы Төтенше жағдай министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт Алматыдағы Медеу ауданының Самал-2 шағын ауданы, 76-үйде орналасқан пәтерден шыққан. Құтқарушылар барғанда тұрғын үйдің 12-қабатындағы пәтер ашық жанып жатқан.
Оқиға орнына барған құтқарушылар 10 адамды, оның ішінде 3 баланы құтқарды. Ғимараттан 72 адам эвакуацияланды, олардың арасында 8 бала және мүмкіндігі шектеулі 3 адам бар. 35 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен сөндірілді.
Бұған дейін Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып 100 адам эвакуацияланғанын жазған едік. Құтқарушылар сол кезде 10 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарған.