Қазақстан мен Қытайға ортақ мұнай компаниясы 60 млрд теңгеден аса дивиденд төледі

Жарияланды 10 Қыркүйек 2026 09:33

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Фото: shutterstock

Қазақстанның батысындағы Қаламқас пен Жетібай кен орындарын игеретін «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы жай және артықшылығы бар акциялары үшін дивиденд төледі. Төленген дивиденд көлемі жалпы 60,3 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Соның ішінде 59,6 млрд теңгесі – жай акциялары үшін төленсе, артықшылығы бар акциялары үшін 679 млн теңге дивиденд аударған. Бір акцияға 650 теңгеден келген.

Бұған дейін компания акционерлеріне 70 млрд теңгеден аса дивиденд төлеуге ниетті екенін жариялаған. Бірақ нақты төленген сома жоспарлы қаржыдан аз.

«Маңғыстаумұнайгаз» – Маңғыстау облысындағы ең ірі әрі жетекші мұнай-газ компаниясы. Бұл кәсіпорынның 100 пайыз акциясы «Mangistau Investments B.V.» холдингіне тиесілі.

Ал аталған холдингті қазақстандық «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен қытайлық «CNPC» компаниясы теңдей, яғни әрқайсысы 50 пайыздық үлеспен бірлесіп басқарады.

Сондай-ақ оқыңыз