Қазақстандық екі компания Ресейдегі бояу мен гипс өндіретін зауыт құрылысына қатысады

Қазақстандық қос компания ЕАЭО аясында жүзеге асырылып жатқан ортақ жобаға қатысады. Мұндай шешім Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінің кезекті отырысында қабылданған, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Соның бірі – ASYL CONSTRUCTION ЖШС. Бұл компания Мәскеудегі лак-бояу шығаратын жобаға қатысады. Отқа төзімді бояу өндіретін кәсіпорын құрылысы биыл басталады.
Жобаға Беларусьтің «Орион-ВК» ғылыми-өндірістік кәсіпорны, Қазақстаннан «ASYL CONSTRUCTION» ЖШС және ресейлік «АКЗ покрытия» ЖШҚ қатысады.
Қазақстандық компания материалдар мен технологиялық жабдықтардың бір бөлігін жеткізбек. Ашық дереккөздегі дерекке сәйкес, құрылыспен айналысатын компания 2022 жылы құрылған. Құрылтайшысы – Бауыржан Омаров.
Екінші компания Самара гипс комбинаты базасында жаңа араластыру желісін салуға қатысады. «Элита» ЖШС жобаға инженерлік және құрылыс қызметін көрсетпек.
Ал Беларусь тарапынан «Ремеза» ЖАҚ қатысады. Аталмыш жобаны жүзеге асыру есебінене ел бюджетіне 180 млн теңге салық түседі деп жоспарланған. Ашық дерекөздерден екінші компания туралы ақпарат табылмады.