Алматыда қарт әйелді себепсіз ұрып-соққан ер адам бір жылға сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
драка. фото: shutterstock, бильд-редактор: Дина Карамчакова
фото: shutterstock, бильд-редактор: Дина Карамчакова

Биыл сәуір айында 26 жастағы ер адам ешқандай себепсіз қарт әйелге шабуыл жасап, оны бірнеше рет ұрып-соққан.

Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, сот оған қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар сотталған азаматтан жәбірленушінің емделуіне, заң көмегіне жұмсаған шығындары мен моральдық зиянның өтемақысы ретінде 1,5 миллион теңге өндірілді.

 «Полиция шабуыл жасаған ер адамды анықтап, ұстады. Ол бұған дейін де сотталғаны белгілі болды. 2020 жылы ер адам жанжал кезінде бір адамға өлімге әкеп соққан жарақат салып, тағы бір адамға ауыр зиян келтірген. Сол кезде сот оның қажетті қорғаныс шегінен асып кеткен деген қорытындыға келіп, екі жылға бас бостандығынан айырған», – делінген ақпаратта.

Жаңа іс бойынша ер адам бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргенін мойындады.

Айта кететін жайт, адам өлтіріп, ерте түрмеден босатылған әйел қайта кісі өлтірді.

Сондай-ақ оқыңыз