Қандай компаниялар энергияны көп тұтынады

Жарияланды
электр станция
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Елімізде 109 ірі өнеркәсіп бар, оның ішінде 10 өнеркәсіп жалпы энергия тұтынудың 30%-ын алып отыр, деп хабарлайды Кursiv.Media.

Өнеркəсіп жəне құрылыс министрлігі өнеркəсіп комитетінің төраға орынбасары Олжас Əлібековтің айтуынша, энергияны көп тұтынушы компаниялар көбіне металлургия саласында кездеседі.

«Мәселен, Qarmet, ERG, «Қазхром», Алюминий зауыты бар, мұнай-газ саласында Маңғыстаудағы МАЭК бар. Энергетика саласындағы мекемелер көмірді немесе газды тұтынып, жылу немесе электр энергиясын шығарады. Сондықтан олар ірі компаниялардың қатарына кіреді», – деді Олжас Әлібеков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, ірі өнеркәсіптер 8 млн тоннаға дейін шартты отын тұтына алады. Шартты деп отынның әртүрлі түрін айтады. Есептік түрде оның құрамына мазут, мұнай, көмір, табиғи газ кіреді.

«Ал 1,5 мың тоннадан жоғары шартты отынды тұтынатын кәсіпкерліктер энергоуадит өткізуі керек», – деді Әлібеков.

Бүгіннен бастап электр энергиясын өндіретін компаниялар үшін шекті тарифтері өзгерген еді.

Сондай-ақ оқыңыз