Қызылорда облысында 6 жасар бала әкесінің көлігін айдап кеткен

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі

Қызылорда облысында түннің уағынада әкесінің «Toyota Land Cruiser» маркалы көлігін айдаған 6 жасар баланың әкесі жауапкершілікке тартылды.

Облыстың полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, Арал аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызметкерлері көшелердің бірінен түнде Toyota Land Cruiser автокөлігін 6 жасар баланың тізгіндегенін анықтады.

Полицейлер дереу әрекет етіп, ықтимал жол-көлік оқиғасының алдын алды.

Тексеру барысында көліктің баланың әкесіне тиесілі екені белгілі болды. Кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне балаларды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны, сондай-ақ түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз тыс жерде болғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ полицейлер ата-ана мен балаға профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыз