Қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар айыппұл арқалады
Жарияланды
(жаңартылды )

Танымал қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі видеосы үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, әлеуметтік желіде Еркебұлан Тоқтардың боғауыз сөздер айтқан видеосы анықталған.
«Танымалдылық жауапкершіліктен босатпайды. Алматы қаласының Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен ол кінәлі деп танылып, ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп нақтылады прокуратурадан.
Нәтижесінде оған 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске салайық, 28 тамызда Еркебұлан Тоқтар кәсіби бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізіп, өзбекстандық «Ханзаданы» нокаутпен жеңген.