Конго Республикасында өрттен бастауыш сыныпта оқитын 20 бала қаза тапты
Жарияланды
(жаңартылды )

Конго Демократиялық Республикасы Букаву қаласында болған өрт салдарынан бастауыш сыныпта оқитын 20 оқушы көз жұмды. Тағы 50 оқушы әртүрлі дәрежедегі жарақат алды, деп хабарлайды Kursiv.Media.
ТАСС ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өрт ошағы екі бастауыш мектебіне жақын орналасқан тұрғын үйде болған. От мектеп ғимараттарына лезде тарап кетті, ал сыныптарда балалар болған.
Жергілікті медициналық орталыққа өрттен қаза тапқан 10 адамның мәйіті жеткізілді. Тағы бір аурухана 50-ден астам зардап шеккен оқушыны қабылдаған, олардың 14-і жарақат мен күйіктен қайтыс болды.
Апаттың ауқымы өте үлкен болып шықты. Actualite жаңалықтар порталының хабарлауынша, өрт шамамен 500 ғимаратты жойды.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.