Елена Рыбакина US Open турнирінің финалына шықты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Елена Рыбакина в полуфинальном матче US Open-2026
фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық біріншілігінің (US Open) жартылай финалында корт иесі, әлемнің 4-ші ракеткасы Коко Гауффты жеңіп, турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Үш сетке созылған тартысты кездесу 2:1 (3:6, 6:4, 6:4) есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Алғашқы сетте есе жібергеніне қарамастан, Рыбакина ойын ырғағын тауып, келесі екі сетте камбэк жасады. Матчтың жалпы ұзақтығы 2 сағат 10 минутты құрады.

Енді Елена Рыбакина өзінің кезекті титулы үшін финалда Арина Соболенкомен кездеседі. Соболенко өз кезегінде жартылай финалда Джессика Пегуланы 2:0 есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, күні кеше ғана Рыбакина дәл осы Соболенкодан басып озып, әлемнің бірінші ракеткасы атанған еді.

Сондай-ақ оқыңыз