Каспий теңізінде Қазақстанның Әскери-теңіз күштері жаттығу өткізіп жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Каспий теңізі секторында Әскери-теңіз күштерінің жоспарлы оқу-жаттығулары өтіп жатыр.

Бұл туралы Kursiv.Media Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, әскери теңізшілер Қазақстан секторына тиесілі теңіз айдынын толық жүріп өтіп, түрлі жағдайдағы іс-қимылдарды пысықтап, практикалық атыс жүргізеді.

Оқу-жаттығу үш кезеңнен тұрады. Әскери теңізшілер кемелер арасындағы өзара іс-қимылды, навигация мен байланысты, кемені басқаруды және қару-жарақты қолдануды пысықтайды. Жағалаудан едәуір қашықтықта орналасқан экипаждардың іс-қимылына ерекше назар аударылады.

Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары 1-ші дәрежелі капитан Арман Сатқановтың айтуынша, оқу-жаттығу барысында экипаждардың тәжірибелік дағдыларын одан әрі жетілдіруге баса мән беріледі.

«Оқу-жаттығу кеме экипаждарының түрлі жағдайларда міндеттерді орындауға дайындығын тексеруге және Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығын одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, биыл жоспарлы оқу-жаттығу жиындарына запастағы үш мың әскери міндетті тартылады.

Сондай-ақ оқыңыз