Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Kursiv.Media хабарлайды.

Құжатта Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ереже бекітіліп, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттіктері айқындалды. Сондай-ақ жаһандық сын-қатерлер мен елдегі ішкі ахуалдың өзекті мәселелерін жан-жақты талдау міндеті жүктелді.

Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы орынбасарының құзыретіне не кіреді:

  • Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылап,
  • ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін арттыру және заң мен тәртіпті сақтау бағытындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп,
  • ақпараттық және киберқауіпсіздік, соның ішінде жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін қадағалап,
  • дербес деректерді қорғап,
  • сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмысқа қарсы іс-қимыл
  • азаматтық қорғаныс мәселелерін бақылауы қажет

Сонымен қатар ол осы бағыттарда жұмыс істейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіріп, халықаралық байланыстарды дамытуға және Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының жұмысын ұйымдастыруға жауапты болады.

Жарлыққа сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде Президентке тікелей бағынады және есеп береді.

Еске салайық, 31 тамызда Тоқаев Аида Балаеваны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз