Қарағанды облысында 8 табиғи өрт сөндірілді

Өткен тәулікте Қарағанды облысында алдын ала есеп бойынша 200 гектар аумақтағы 8 табиғи өрт ошағы жойылды.
ТМЖ ақпаратына қарағанда, жалын Қарқаралы, Бұқар Жырау, Нұра, Осакаров аудандары мен Қарағанды қаласының аумағын шарпыған.
«Қазіргі уақытта Шет, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарының таулы-далалы жерлерінде құрғақ шөп пен бұталардың жануынан туындаған 5 табиғи өрт ошағын жою жұмыстары жалғасуда. Өртті сөндіру жұмыстарына таулы-далалы жерлердің қолжетімсіздігі, қалыптасқан ыстық ауа райы және екпінді жел кедергі келтіруде», – делінген ақпаратта.
Желдің бағыты бірнеше рет өзгеріп, өрттің таралу бағытына әсер еткен
Министрліктің ақпаратынша, өртті жою жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар мен орман шаруашылықтарының 400-ден астам жеке құрамы және 100-ден астам техникасы жұмылдырылды. Жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.