Келіні баптаған 51 жастағы садақшы Аяш Қабдолаева президент қолынан марапат алды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Аяш Қабдолаева «Құрмет» орденімен марапатталды / фото. instagram

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудан чемпион атанған Аяш Қабдолаева «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы Kursiv.Mediа Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

51 жастағы Аяш Қабдоллаева мергендер бәсекесінде екі бірдей бағдарлама бойынша өнер көрсетті. «Пута» нысанасы (60 метр) бойынша қарсыластарынан оқ бойы озық шығып, 1-орынды иеленді және алтын медаль еншіледі. «Орта Азия» нысанасында (40 метр) тартысты бәсеке қорытындысы бойынша 6-орынға табан тіреді.

Айта кетерлігі, ел намысын абыроймен қорғаған мергенді жарысқа келіні, жаттықтырушы Ажар Төлеуқанова дайындаған.

Бұдан бөлек, Тоқаев Көшпенділер ойындарында 190 келілік ирандықты жыққан Мейір Рахметқалиевті де марапаттаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз