Көшпенділер ойындарының үш дүркін чемпионы Ізбасаров «Құрмет» орденімен марапатталды

Аударыспақтан ұлттық құраманың үздігі Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үш дүркін чемпион атанған Сырым Ізбасаров «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Kursiv.Media Ақордаға сілтеме жасап.
Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының шешуші кездесуінде Сырым жергілікті қырғызстандық спортшымен күш сынасты. Тартысты бәсекеде қазақ балуаны жоғары шеберлік пен тактикалық басымдық танытып, қарсыласын айқын есеппен жеңіп шықты.
Айта кетейік, Сырым Ізбасаров бұған дейін 2016 және 2024 жылы Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алтын алған еді. Енді Қырғызстанда өткен ойындарда да алтын алып, үш дүркін чемпион атанды.
Оқи отырыңыз: Келіні баптаған 51 жастағы садақшы Аяш Қабдолаева президент қолынан марапат алды.