«Соғысқа дайындық» – Александр Лукашенко мобилизация туралы сөз қозғады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қарулы күштердегі мұқият тексерулердің жалғасып жатқанын мәлімдеді.
Бұл туралы Kursiv.Media Белтаға сілтеме жасап хабарлайды.
«Мен бұған дейін халық түсінетін тілмен айтқанмын. Армияны сілкінтетін уақыт келді. Бүкіл армияны. Барлығын тексереміз. Тіпті мобилизацияға дейін», – деді ол.
Лукашенко қазіргі уақытта оның тапсырмасы бойынша артиллериялық бригада тексеріліп жатқанын атап өтті. Ал бұған дейін танк және механикаландырылған жаяу әскер бөлімдерінде тексерулер жүргізілген.
«Барлығын соғыс кезінде қалай болатын болса, солай жасап жатырмыз», – деді президент.
Оның сөзінше, жыл басында Қарулы күштерге жүргізілген ауқымды тексеру болған. Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері тексеріліп жатыр. Бұдан кейін бүкіл күштік құрылымдарды тексерілмек.
«Соғыс болмауы үшін соғысқа дайындалып жатырмыз», – деп атап өтті Лукашенко.
Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөз алған Беларусь президенті Александр Лукашенко ЖИ қауіпсіздікке төнетін елеулі сын-қатер екенін ұмытпауға шақырған еді.