Рыбакина – Соболенко: US Open финалын қашан, қайдан көруге болады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мен беларусьтік Арина Соболенко АҚШ ашық біріншілігінің (US Open) шешуші финалында кездеседі, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Жартылай финалда Елена Рыбакина АҚШ өкілі Коко Гауффтан (4-орын) басым түссе, Арина Соболенко америкалық Джессика Пегуланы (3-орын) ұтқан болатын.
Кездесу 12-сінен 13 қыркүйекке қараған түні, Қазақстан уақытымен сағат 01:00-ге жоспарланған. Аталмыш ойынды Кинопоиск платформасы арқылы немесе VK әлеуметтік желідегі Теннис парақшасынан көруге болады.
Айта кетейік, финалдық матчтың нәтижесіне қарамастан, келесі аптадан бастап Елена Рыбакина ресми түрде Арина Соболенконы басып озып, әлемнің жаңа бірінші ракеткасы атанады.
Турнир жеңімпазы 5 500 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып, өзіне 2000 рейтингтік ұпай еншілейді.