Бақытжан Базарбек есін жиған Нұржігіттің суретін жариялап, дәрігерлерге алғыс айтты

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
фото: instagram

Ел назарында болған Нұржігіт Қошанов есін жиып, қайтадан аяққа тұрды. Бұрынғы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ауыр халде жатқан азаматты ажалдан аман алып қалған дәрігерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Базарбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты фотоны жариялап, дәрігерлер мен реанимация бөлімшесінің еңбегін ерекше атап өтті.

Суреттің ортасында есін жиған Нұржігіт Қошанов, ал оның жанында өмірін арашалап қалған медицина мамандары түскен.

«Шыны керек, Тараз қаласының көпбейінді ауруханасы реанимация бөлімшесі дәрігерлерінің кәсіби біліктілігі мен деңгейі өте жоғары. Оларды бүкіл Жамбыл облысы медицинасының қаймағы десем, қателеспеспін. Нұржігіт жатқан уақыт аралығында бұл дәрігерлер қаншама адамның өмірін аман алып қалды. Жағдайы мүшкіл науқастардың сауығып, қайтадан аяққа тұруына себепші болып келеді. Бұлар – заманымыздың нағыз қаһармандары», — деп жазды Бақытжан Базарбек.

Алда – реабилитация кезеңі

Депутат өз жазбасын түйіндей келе, халықтың тілеуі мен дұғасы қабыл болып, көптен бергі төккен тердің ақталғанын жеткізді. Алайда Нұржігіттің толық сауығып кетуі үшін алда әлі ұзақ емдеу және реабилитация кезеңі күтіп тұр.

«Біраз төккен терім ақталды, өзімнің дұғам, халықтың дұғасы Жаратушым Алла тағала қабыл алды. Нұржігіттің аяғы сынғандықтан алдымызда әлі реабилитациясы күтіп тұр. Сол бағытта жұмыс жасайтын боламыз… Өз өмірін өзге адамның өмірін сақтап қалуға арнаған ақ халатты абзал жандарды қадірлей білейік, ағайын! Дәрігерлерге мың алғыс!» – деді ол.

Еске сала кетейік, Бақытжан Базарбек тамыз Жамбыл облысы Рысқұлов ауданындағы жолдың жүру бөлігінде жүрген ер адамды қағып кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз