Қазақстан Ресейге бензиннің бірде-бір партиясын жеткізбегені хабарланды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстан Ресейге отынның бірде-бір партиясын жеткізген жоқ
Қазақстан Ресейге отынның бірде-бір партиясын жеткізген жоқ / фото: shutterstock

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары 2026 жылы Ресейге АИ-92 маркалы бензинін жеткізген жоқ. Бұл туралы Қазақстан Энергетика министрлігі ТАСС агенттігінің сауалына берген жауабында хабарлаған.

Ведомство отын экспорты тек тиісті халықаралық уағдаластықтарға қол жеткізілгеннен кейін ғана мүмкін болатынын айтты. Ал қазіргі уақытта Қазақстан өзінің ішкі нарығын отынмен толық қамтамасыз етуді көздеп отыр.

«Осыған байланысты Қазақстан Республикасының МӨЗ-дерінен Ресей Федерациясына АИ-92 автокөлік бензинін жөнелту 2026 жылы жүзеге асырылған жоқ», – деп мәлімдеген Энергетика министрлігі.

Оқиғаның мән-жайы

2026 жылғы маусым айының соңында БАҚ-та Ресей тарапы Қазақстанға шамамен 50 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш тастағаны жайлы ақпарат тараған.

Алайда Энергетика министрлігі Ресейден бензин жеткізуге ресми сұраныс түспегенін. тек Қырғызстан тарапынан бензинге ресми сұраныс түскенін растады.

Айта кетейік, елімізде бензинді автомобиль, теміржол және басқа да көлік түрлерімен сыртқа шығаруға тыйым салынған.

Сонымен бірге жанар-жағармай өнімдерін Қазақстан шекарасынан көрші елдерге заңсыз тасымалдайтындардың қатары көбейіп кеткендіктен шетелдік ірі жүк көліктері мен жеңіл машиналардың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылды.

Сондай-ақ оқыңыз