Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала жатқан арбаның үстіне құлаған

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Фото: shutterstock

Астанада 27 жастағы әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлады. Кішкентай баланың жасы 2-де еді. Оқиғадан кейін екеуі де қайтыс болды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатының терезесінен секірген. Ол ішінде екі жасар бала отырған арбаға құлаған. Алған жарақаттары салдарынан бала да, қыз көз жұмды», – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Бұған дейін, Павлодар қаласында төрт жастағы бала биік үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткен. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз