Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
Таиланд
shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовски

Таиланд үкіметі бірқатар елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін азайтты. Жаңа тәртіп 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді деп хабарлайды Kursiv Media.

Енді екі ел арасындағы үкіметаралық келісімнің негізгі ережелері қолданылады. Оған сай, қазақстандықтар Таиландта визасыз қатардан 30 күнтізбелік күнге дейін қала алады. 80 күн ішінде елде болудың жалпы жиынтық мерзімі 90 күннен аспауы тиіс. Яғни Таиландқа жиі қатынайтын туристердің 6 айдың ішінде елде өткізген барлық күнінің қосындысы 90 күннен аспауы керек.

Бұл шешім елде жасырын жұмыс істейтіндерді тоқтатуға және виза мерзімін ұзарту үшін шекарадан шығып-кіре салатын қулықтардың жолын кесуге бағытталған.

Таиландқа сапар жоспарлаған отандастарымызға бұл өзгерісті алдын ала ескеру ұсынылады. Егер Таиландта 30 күннен астам қалу жоспарланса, қазақстандықтар алдын ала Таиландтың ресми дипломатиялық өкілдіктері арқылы тиісті туристік немесе ұзақмерзімді виза рәсімдеуі қажет.

Оқи отырыңыз: Енді азаматтық алу үшін Америкаға барып, бала туу қиындай түседі

Сондай-ақ оқыңыз