Астанада Қызылорда мен Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтеді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: shutterstock

Астаналықтар алдағы демалыс күндері Қызылорда мен Атырау облыстарының өнімдерін тікелей өндірушілерден сатып ала алады. 19–20 қыркүйекте елордада өңірлердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады деп хабарлайды Kursiv.media.

Астана әкімдігі хабарлағандай, жәрмеңкеде отандық фермерлер мен өндірушілердің ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс пен жеміс-жидек, азық-түлік және басқа да өнімдері ұсынылады.

Жәрмеңке сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін «Қазанат» ипподромының автотұрағында өтеді. Жәрмеңке өтетін орынға №18, 37 және 303 автобустармен баруға болады.

Жәрмеңкелер қазан айының соңына дейін өтеді

Өңірлік жәрмеңкелер Астанада әр демалыс сайын 25 қазанға дейін ұйымдастырылады. Келесі жәрмеңкелердің кестесі:

  • 26–27 қыркүйек — Абай, Алматы және Маңғыстау облыстары;
  • 3–4 қазан — Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары;
  • 10–11 қазан — Түркістан және Батыс Қазақстан облыстары;
  • 17–18 қазан — Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстары;
  • 24–25 қазан — Қарағанды және Қостанай облыстары.
Сондай-ақ оқыңыз