Президент кубогы: Астанада әлемдік үстел теннис жұлдыздары бақ сынайды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: instagram

15–20 қыркүйек аралығында Астанада тұңғыш рет халықаралық WTT Star Contender санатындағы турнир өтеді. «WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup» турнирі Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрлі ашық кубогы аясында ұйымдастырылып, әлемнің 18 елінен келген 160 спортшының басын қосады.

Үстел теннисі бойынша халықаралық күнтізбедегі ең ірі жарыстардың бірі Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Жүлде қоры 300 000 долларды құрайды.

Астанаға кімдер келеді?

Астанадағы турнирге әлемдік үстел теннисінің элиталық өкілдері қатысады. Тізімге енген танымал спортшылардың арасында төмендегідей белгілі адамдар бар:

Ван Иди (Wang Yidi, Қытай), Алексис Лебрен (Alexis Lebrun, Франция), Данг Цю (Dang Qiu, Германия), Дарко Йоргич (Darko Jorgic, Словения), Дмитрий Овчаров (Германия), Сацуки Одо (Satsuki Odo, Жапония), Миу Хирано (Miu Hirano, Жапония).

Сонымен қатар 2015 жылғы әлем чемпионатының жекелей сындағы күміс жүлдегері Фанг Бо Қазақстан намысын «Nomad Table Tennis Academy» клубы құрамында қорғайды.

Осылайша, қазақстандық жанкүйерлер WTT сериясының ірі турнирлерінде, әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жүрген шеберлердің ойынын өз көзімен тамашалай алады. Отандық спортшылар үшін бұл бәсеке әлемнің үздік теннисшілерімен күш сынасып, тәжірибе жинауға әрі халықаралық рейтингтік ұпайларға ие болуға үлкен мүмкіндік береді.

Жарыс форматы мен маңызы

«WTT Star Contender Astana 2026 – President’s Cup» World Table Tennis ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген. Турнирдің халықаралық құқық иеленушісі мен ұйымдастырушысы – ITTF қамқорлығындағы World Table Tennis (WTT), ал Қазақстандағы ұйымдастыру жағын «Nomad Table Tennis Academy» қамтамасыз етеді.

Жарыстар бес дисциплина бойынша өтеді:

  • Еркектер арасындағы жекелей сын
  • Әйелдер арасындағы жекелей сын
  • Еркектер арасындағы жұптық сын
  • Әйелдер арасындағы жұптық сын
  • Аралас жұптық сын (микст)

Билеттерді мына жерден сатып алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыз