Трамп ирландиялық вискиге салынған 15 пайыздық баж салығын алып тастауға уәде берді

Жарияланды
Трамп
Фото: Shutterstock

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирландияда өткен гольф турнирінің қорытынды рәсімінде ирландиялық вискиге салынған 15 пайыздық баж салығын алып тастауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Irish Open турнирінің салтанатты рәсімінде Трамп бұл мәселені одан көп адам сұрағанын айтты.

«Мұны жасауымды бәрі сұрап жатыр», – деді АҚШ президенті. 

Оның айтуынша, ол Ирландиядан келетін вискиге салынған баж салығын алып тастауға ниетті. Қазір ирландиялық вискиге АҚШ тарапынан 15 пайыздық баж салығы бар. Бұл тарифті Трамп Еуропалық одақтан импортталатын тауарларға енгізген.

Ал мамыр айында АҚШ Ұлыбританиядан әкелінетін вискиге қатысты тарифтердің бір бөлігін алып тастаған болатын. Оның ішінде шотланд вискиі мен Солтүстік Ирландияда өндірілетін алкоголь өнімдері де бар.

Трамптың турнир соңындағы мәлімдемесін көрермендер қошеметпен қабылдаған. Алайда баж салығының нақты қашан алынып тасталатыны әзірге белгісіз.

Мамыр айында Ирландиялық виски қауымдастығы АҚШ-ты бұл баж салығын жоюға шақырған. Қауымдастықтың айтуынша, мұндай шешім ирландиялық өнімдерді сататын америкалық компанияларға көмектеседі.

Тағы да оқыңыз: Трамп 60 елге жаңа баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

Сондай-ақ оқыңыз