15 қыркүйекке дейін Freedom кэшбегі бойынша декларация тапсыру керек

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Freedom

15 қыркүйекке дейін Freedom кешбэктері бойынша декларация тапсыруға үлгеріңіз, деп хабарлайды KursivMedia.

Freedom банкінің қолданушысы атанып, кэшбегін пайдаланғандар 15 қыркүйекке дейін декларация тапсыруы қажет. Айта кету керек, кэшбек үшін салық төлеу қажеті жоқ.

Декларация тапсыру үшін Freedom SuperApp-қа кірсе жеткілікті. Қосымшадағы «Қызметтер» – «Мемлекеттік қызметтер» – «Мүлік туралы декларация» – «Freedom валютасын декларациялау» бөліміне өту керек.

Егер бірінші рет тапсырып жатсаңыз, «Бастапқы», егер өткен жылы тапсырған болсаңыз «Кезекті» деген түрін таңдайсыз.

Одан кейін өзіңіздің Мемлекеттік кірістер басқармасын (МКБ) таңдайсыз, ал қалған деректер автоматты түрде толтырылады.

Айта кетейік, былтыр Freedom Bank өкілдер түскен әр кэшбек үшін салық декларациясын тапсыру қажет екенін айтқан. Ол кәдімгі ақша емес, арнайы биржада тіркелген ETN деп аталатын қаржы құралы болып саналады.

Оқи отырыңыз: 29%-ға дейін кэшбек: ең жоғары бонусты қай банктен алуға болады

Сондай-ақ оқыңыз