Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман жасырын үйленіп, той өткізді

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Unsplash, бильд-редактор: Дастан Шанай

Өткен демалыс күндері елордада 21 жастағы Тауман Назарбаевтың үйлену тойы The Ritz-Carlton қонақүйінде өтті.

Бұл туралы Kursiv.Media Ulysmedia.kz-ке сүйеніп хабарлайды.

Тауман Назарбаев пен Айдана Сәрсембаеваның үйлену тойы Астанада жабық форматта ұйымдастырылған. Салтанатты шара The Ritz-Carlton қонақүйінде өткен. Іс-шара өтетін жерге бөгде адамдар кіргізілмей, той қонақтарына телефон қолдануға шектеу қойылған. Салтанатты шараның егжей-тегжейі анықталды.

Тойға орай The Ritz-Carlton қонақүйінде көптеген гүл композициялары қойылған. Олар ресепшн тұсын безендіріп, баспалдақтар ақ гүлдермен түгелге жуық көмкерілген. Шақырылған қонақтарға ғимараттың бүйір жағынан бөлек кіреберіс қарастырылған. Қонақүйдің лоббиінде уақыт өткізгісі келген келушілерге ғимарат ішінде «өте маңызды шара» өтіп жатқаны түсіндірілген.

Мұның алдында БАҚ Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлының үйленгелі жатқаны туралы жазған. Тауман Назарбаев 2005 жылы дүниеге келген. Оның анасы – Әсел Исабаева. Тауманның қалыңдығы бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлерінің бірінің қызы.

Сондай-ақ оқыңыз